​Хорватияда түрік ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

0
96

Ұшақ елдің батысындағы Риека қаласынан Загребтегі аэронавигация техникалық орталығына ұшып, кейін Риекаға қайтып келе жатқан.


​Хорватияда түрік ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

Фото: Report

ERNUR.KZ. Түркияның өрт сөндіру ұшағы Хорватияның батысындағы Криви Пут ауылында апатқа ұшырады. Борттағы жалғыз адам — ұшқыш қаза тапты, деп жазады inform.kz.
Хорватиялық телерадиокешеннің хабарлауынша, ұшақ жергілікті уақыт бойынша 17:00 шамасында құлаған. Құтқарушылар оқиға орнына бір сағаттан кейін жеткен кезде ұшақ жалынға оранды. Олар өртті сөндіргеннен кейін ұшқыштың күйіп қалған денесін тапты.
Ұшақ елдің батысындағы Риека қаласынан Загребтегі аэронавигация техникалық орталығына ұшып, кейін Риекаға қайтып келе жатқан.
Ұшуды бақылайтын Flightradar сайтының хабарлауынша, ұшақ Түркияның Орман шаруашылығы басқармасына тиесілі. Әзірге Хорватияның әуе кеңістігінде түрік ұшағының ұшу себебі туралы нақты ақпарат жоқ.
Осыған дейін Түркияның Қорғаныс министрлігі Грузиядағы ұшақ апатынан 20 әскери қызметшінің қаза тапқанын растаған болатын.