Осыған дейін 27 сәуірде Каспий теңізінде тағы жер сілкінген еді.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
ERNUR.KZ. 3,4 магнитудалық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 21:18-де тіркелген, деп жазады inform.kz.
Бұл туралы Әзербайжанның Ұлттық академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.
Зілзалаларды зерттеу бюросының мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің ошағы 70 км тереңдікте жатыр.
Осыған дейін 27 сәуірде Каспий теңізінде тағы жер сілкінген еді. Ол кезде оның магнитудасы 3,6 шамасында болған.
Айта кетейік, төрт күн бұрын Грекияда жер сілкініп, жерасты дүмпулерінің күші 6,1 балды құрады. Жер сілкінісі Додеканесте сезілді. Артынша елде цунами қаупі туралы ескерту жарияланды.