​Грузияда жол құрылысы кезінде төрт шетелдік жұмысшы қаза тапты

0
80

Тіреуіш қабырғаны салу кезінде топырақ опырылып қалған.


​Грузияда жол құрылысы кезінде төрт шетелдік жұмысшы қаза тапты

Фото: Грузияның Инфрақұрылым және өңірлік даму министрлігі

ERNUR.KZ. Квешети-Коби тасжолының Грузия-Ресей шекарасына апаратын бөлігінде құрылыс жұмыстары кезінде жазатайым оқиға болып, салдарынан төрт шетелдік жұмысшы қаза тапты, деп жазады inform.kz.

Ведомствоның мәліметінше, тіреуіш қабырғаны салу кезінде топырақ опырылып қалған. Құлаған топырақ астында құрылыс компаниясының бес қызметкері Түрікменстан мен Қытай азаматтары қалған. Оқиға орнынан қаза тапқан төрт адамның денесі табылды, ал жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілді.

Құтқару қызметтері мен Жолдар департаментінің өкілдері Цкере ауылының маңында жұмысын жалғастырып жатыр. Грузия Ішкі істер министрлігі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын бастады.
Квешети-Коби тасжолы — елдің ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі. Оны іске асыру жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және Грузия-Ресей шекаралық бақылау бекетіне апаратын учаскеде жыл бойы көлік қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Жол сонымен қатар мемлекеттің транзиттік әлеуетін арттыруға арналған және туристер арасында танымал болмақ.
Жобаның құны 1,24 млрд лари (шамамен 460 млн доллар).
Бірнеше жыл бұрын Грузиядағы Рикоти асуында жаңа жол салу кезінде Қытай азаматы қаза тапты. Ал бір жыл бұрын Ресей шекарасына жақын жердегі Коби ауылының маңындағы құрылыс алаңында қытайлық жұмысшы қаза тапқан еді.