2019 жылдан 2025 жылға дейін ең төменгі жалақы шамамен 35%-ға өскен.
Фото: discount-house.ru
ERNUR.KZ. Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис ең төменгі жалақы көтерілетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Жаңа ең төменгі жалақы 920 еуро брутто деңгейінде белгіленіп, 1 сәуірден бастап күшіне енеді. Грекия үкіметі 2027 жылға дейін ең төменгі жалақының 950 еуроға жететініне сендіріп отыр. Бұл қазіргі 880 еуро деңгейінен айына 40 еуроға жоғары.
Жалақының өсуі жеке сектордағы 575 мыңнан астам жұмысшыға тікелей қатысты. Сонымен қатар, бұл үш жылдық үстемақылардың өсуіне, мемлекеттік сектордағы қызметтік сатыға және ең төменгі жалақымен байланысты бірқатар жеңілдіктерге де ықпал етеді.
Еуростаттың 2026 жылдың ақпанында жарияланған соңғы деректеріне сәйкес, ЕО-дағы 2024 жылғы орташа жылдық табыс бір адамға шаққанда 21 582 еуроға тең. Ең жоғары көрсеткіш Люксембургте тіркелген – бір адамға 50 799 еуро, одан кейін Дания (34 843 еуро) және Австрия (33 210 еуро) орналасты. Ал ең төменгі табыс Болгарияда (7 811 еуро), Румынияда (7 837 еуро) және Венгрияда (8 488 еуро) тіркелді. Грекияда бір адамға шаққандағы орташа жылдық табыс 10 850 еуро болды.
Грекияда 2019 жылдан 2026 жылға дейін ең төменгі жалақы шамамен 41%-ға өсті.
2028 жылдан бастап ең төменгі жалақы өсім мен инфляцияны есепке алатын арнайы механизмге сәйкес түзетілмек.


