Грекия өртенке оранды: 20 елді мекеннен халық жаппай эвакуацияланды

0
168

Ахуал ушығып кеткендіктен, 20 елді мекеннің тұрғындарын шұғыл көшіруге тура келді.


Грекия өртенке оранды: 20 елді мекеннен халық жаппай эвакуацияланды
Фото: видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Соңғы екі тәулікте Грекияда 150-ден астам өрт тұтанып, елді алаңдатқан жағдайға айналды, деп жазады Skifnews.kz.

Қатты жел мен шыжыған аптап ыстық шағын ошақтарды алып жалын қабырғасына айналдырып, тұрғын үйлерге жақындап барады.

Ахуал ушығып кеткендіктен, 20 елді мекеннің тұрғындарын шұғыл көшіруге тура келді. Адамдар автобустармен, жеңіл көліктермен, тіпті балықшылардың қайықтарымен қауіпсіз аймақтарға шығарылды.

Ең күрделі жағдай Ахея, Превеза, Ион аралдары мен Хиос аралында тіркеліп отыр. Euronews мәліметінше, тілсіз жаумен күреске 5 мыңға жуық өрт сөндіруші мен 33 ұшақ жұмылдырылған. Құтқару қызметінің бірнеше өкілі жарақат алып, ауруханаға түскен.

«Бұл күндер соңғы жылдардағы өрт сөндірушілер үшін ең ауыр сынаққа айналды», — деді Грекия өрт сөндірушілер одағының төрағасы.

Жалын тек Грекияны ғана шарпып тұрған жоқ. Шілде айының соңында Түркия мен Кипрде де орман өрттері тұтанып, туристік аймақтарға қауіп төндірген еді.