Google ғарышта алғашқы жасанды интеллект дата-орталығын іске қоспақ

0
95

Жобаның негізгі мақсаты — жасанды интеллект инфрақұрылымы орнатылған спутниктерді Жерге жақын орбитаға шығару.


Google ғарышта алғашқы жасанды интеллект дата-орталығын іске қоспақ

Фото: NASA

ERNUR.KZ. Google ғарышта жасанды интеллект инфрақұрылымын құруға бағытталған Suncatcher жобасы аясында орбитаға алғашқы сынақ спутнигін ұшырып, онда TPU процессорларының жұмыс өнімділігін тексермек, деп жазады inform.kz.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпжылдық зерттеулерден кейін Suncatcher жобасы орбитадағы алғашқы сынаққа дайын. Оның барысында Google-дың Tensor Processing Unit (TPU) процессорлары орбитада сыналады.

Жобаның негізгі мақсаты — жасанды интеллект инфрақұрылымы орнатылған спутниктерді Жерге жақын орбитаға шығару. Компанияның алдын ала бағалауынша, ғарыштағы аппараттар Жер бетіндегілерге қарағанда 8 есе көп энергия өндіре алады.

TPU процессорлары орнатылған алғашқы спутник 2026 жылғы 1 қазанда ұшырылады. Оны SpaceX компаниясымен бірлесіп Planet әзірлеген Transporter-18 ғарыш аппараты орбитаға жеткізеді.