Суретте қасиетті Қағба жерден 400 шақырым биіктіктен де көрініп, жарық нүктемен ерекшеленеді.
Сурет: Instagram/astro_pettit
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жарияланған Меккенің таңғажайып фотосуреті жұртты қатты таң қалдыруда. Ол Халықаралық ғарыш станциясының бортынан түсірілген екен, деп жазады zakon.kz.
Суретте қасиетті Қағба жерден 400 шақырым биіктіктен де көрініп, жарық нүктемен ерекшеленеді. Бұл кадрды желтоқсан айының басында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында, жақында ХҒС-тан оралған NASA астронавты Дон Петтит жариялады.
"Меккенің орбиталық көрінісі, Сауд Арабиясы. Ортадағы жарық нүкте - Қағба, исламның негізгі ғибадатханасы, тіпті ғарыштан да көрінеді", - деп жазды ол өзінің тарихи суретінің астына.
Фотосурет бүкіл әлем бойынша көпшіліктің таңданысы мен қуанышын тудырып, желіде көптеп тарауда.


