Алдын ала мәлімет бойынша, ғарыш кемесінің капсуласы ғарыштағы қоқыспен соқтығысып, зақымданған.
Фото: "Синьхуа" агенттігі
ERNUR.KZ. Қытайдың "Шэньчжоу-20" миссиясына қатысып жатқан үш ғарышкер орбитадағы апат салдарынан Жерге қайта алмай қалған, деп жазады inbusiness.kz.
Қазіргі уақытта ғарышкерлер – Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзе Қытайдың орбиталық "Тяньгун" станциясында қалып отыр. Олардың кемесіне қатысты зақымның деңгейін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Экипаж бұған дейін ғарышта 6 ай уақыт өткізіп, ғылыми тәжірибелер мен ашық ғарышқа шығу жұмыстарын жүргізген. Енді олар көлік жүйесіндегі ақау жойылғанға дейін станцияда қалуға мәжбүр.


