Еуроодақ авиаотын бойынша шұғыл жоспар әзірлеуге кірісті.
Фото: lennuabi.com
ERNUR.KZ. Бұған Еуропаның импорттық авиаотынға тәуелділігі себеп болып отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Отынның шамамен 40%-ы шетелден келеді, әрі оның тең жартысы Ормуз бұғазы арқылы өтеді.
Енді Еурокомиссия қордағы жанармайды елдер арасында бөлу тетігін енгізуге ниетті. Әзірге, бастама толық талқылаудан өткен жоқ.
Сарапшылар жағдай ушыға берсе мамыр айының соңына қарай кәрі құрлықта рейстер жаппай тоқтайтынын ескертеді.


