Еуроодақ қазақстандық компанияға санкция салды

0
67

Тізімге компанияның директоры да енді.


Еуроодақ қазақстандық компанияға санкция салды

фото: Sean Gallup/Getty Images

ERNUR.KZ. Еуропалық одақ санкциялардың жиырмасыншы пакеті аясында Қазақстандағы "United Trading Group" компаниясын қолданыстағы экспорттық шектеулерді айналып өтуге көмектесті деген күдікпен қара тізімге енгізді, деп жазады inbusiness.kz.

Жарияланған мәліметке сәйкес, 2022 жылғы 17 наурызда Қазақстанда тіркелген компания Алматыда орналасқан. Еуроодақ дерегінше, компанияны тізімге енгізуге жоғары тазартылған хлорлы сутекті жеткізуге қатысы бар деген күдік себеп болған. Бұл зат жартылай өткізгіштер өндірісінде қолданылады. Мәліметке сәйкес, германиялық UrSeCo Handels GmbH & Co. KG компаниясы аталған өнімді Wacker Chemie AG компаниясынан сатып алып, кейін оны Қазақстандағы United Trading Group мекенжайына жөнелтіп отырған. Тауардың Ресейдегі "Силтрон" мен Electronsnab компанияларына қайта жіберілгені айтылған.

Бұл ретте жеткізу тізбегі Польша, Түркия және Қазақстан арқылы өткен. Ресейлік компаниялардың бірінің германиялық жеткізушімен жанама байланысы бар.

Еуроодақ мұндай жеткізілімдер Ресейге белгілі бір химиялық заттарды экспорттауға тыйым салатын регламентке қайшы деп отыр. Компанияның басшысы Әлімжан Беков та санкциялық тізімге енді.