Құны 100 мыңдаған доллар болатын олжа Градец-Кралов қаласындағы музейге табысталды.
Фото: пресс-служба Национального банка РК
ERNUR.KZ. Чехияның солтүстік-шығысындағы таулы аймақтан туристер алтынға толы жәшік тапты, деп жазады zakon.kz.
CNN-нің ақпаратынша, Крконошах орманында жаяу келе жатқан екі турист жартастан бұрышы шығып тұрған қорапты көздері шалған.
Ішінен 10 алтын білезік, 17 шылымқап, шағын қорап пен тарақ және 598 дана алтын монета шыққан.
Құны 100 мыңдаған доллар болатын олжа Градец-Кралов қаласындағы музейге табысталды.
Ал Францияда Мишель Дюпон есімді фермер меншігіндегі жерден 150 тонна алтын тапқан. Оның құны шамамен 4 млрд доллар. Бірақ, фермердің қуанышы көпке созылмаған.
Францияның заңы бойынша кез келген жерден табылған пайдалы қазба мемлекеттің меншігі болып есептеледі.