​Чехияда аптап ыстықтан қоймадағы оқ-дәрілер жарыла бастады

0
132

Орман өртінің де қаупі төніп тұр.


​Чехияда аптап ыстықтан қоймадағы оқ-дәрілер жарыла бастады

Фото: report.az

ERNUR.KZ. Чехияның солтүстік-батысындағы Литомержице қаласы ауданында армияның оқ-дәрі қоймасы маңынан өрт шықты, деп жазады inform.kz.

Өртті сөндіруге 12 өрт сөндіруші бөлімше жұмылдырылып, олар авитехниканы қолданды. Жалын шарпыған төрт гектар аймақта жер астында жатқан ескі оқ-дәрілер жарылып, жағдайды одан сайын қиындатты. Билік төтенше жағдай болған аймаққа жақын елді мекен тұрғындарын орманға серуендеуден бас тартуға шақырды.

Чехияда аптап ыстық күн сайын күшейіп келеді. Термометрдің бағаны сәрсенбі күні 35 градустан жоғары температураны көрсетті. Бейсенбі күні метеорологтардың болжамынша, күн тағы да ысиды. Ауа температурасы 40 градусқа жетуі ықтимал. Орман өртінің қаупі төніп тұр.