​Бразилияда жолаушылар автобусы аударылып, 17 адам қаза тапты

0
188

Автобуста шамамен 30 жолаушы болған.


​Бразилияда жолаушылар автобусы аударылып, 17 адам қаза тапты

Фото: Аnewz
ERNUR.KZ Бразилияның билік өкілдері елдің солтүстік-шығысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, кемінде 17 адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп жазады Kazinform.

Оқиға Пернамбуку штатының Салоа елді мекенінде болған. Автобуста шамамен 30 жолаушы болған. Көлік көршілес Баия штатындағы Брумаду қаласына бағыт алған кезде үйілген құмға соғылып, аударылған.

Полицияның мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол жиегіндегі тастарға соғылып, кейін өз жолағына қайта оралып, үюлі жатқан құмға соғылғаннан кейін автобус бір жағана қарай аударылып қалған.

Жергілікті ппаттың нақты себептерін анықтап жатыр. Жүргізуші жеңіл жарақат алған. Сондай-ақ оған жүргізілген алкоголь тесті теріс нәтиже көрсетті.

Баия штатының губернаторы Жерониму Тейшейра әлеуметтік желіде қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты. Ол жергілікті билік өкілдері құтқару операцияларына және қаза тапқандарды анықтау жұмыстарына көмектесіп жатқанын растады.

“ Мен бұл жағдайды командаммен жіті бақылап отырмын. Қаза тапқандарға, жарақат алғандарға және олардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын”, – деп жазды губернатор.