Байқал көлінде мұз жарылып, 7 қытайлық турист қаза тапты

0
107

Көлікте барлығы 9 адам болған, оның сегізі – Қытай азаматтары.


Байқал көлінде мұз жарылып, 7 қытайлық турист қаза тапты

Фото: РИА Новости

ERNUR.KZ. Ресейдегі Байқал көлінде мұз астына автокөлік түсіп, жеті қытайлық турист пен жүргізуші қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Қайғылы оқиға 3 күн бұрын болған. Жүргізуші сағат 15:00-де Хужир кентіндегі демалыс базасынан жолға шыққан. Экскурсия тобы көлдің мұзы үстімен Хобой мүйісіне қарай бағыт алған. Қозғалыс кезінде "УАЗ" маркалы автокөлік мұз ойығына түсіп кеткен.

Салдарынан 7 турист және 44 жастағы жергілікті жүргізуші қаза тапты. Құрбандардың арасында 2013 жылы туған бала да бар. Бір турист аман қалып, сыртқа өздігінен шыққан.

Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзевдің мәліметінше, Қытай азаматтары туроператор арқылы емес, жүргізушімен тікелей келісіп, жеке турист ретінде келген.

Алдын ала дерек бойынша, көлік ені 3 метр болатын мұздың жарылуына тап болған. Оқиға болған жердегі тереңдік шамамен 18 метрге жетеді.