Аргентинаның әйгілі Перито-Морено мұздығы еріп жатыр.
Фото: pelago.com
ERNUR.KZ. Бұған жаһандық климаттың өзгеруі себеп болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.
Глациологтардың сөзінше, опырылып түскен мұздың биіктігі 20 қабаттық ғимараттың көлеміне тең.
ЮНЕСКО ұйымының наурызда жариялаған ақпаратына жүгінсек, әлемде мұздықтар бұрын-соңды болмаған деңгейде тез жойылып жатыр. Ал, кейінгі үш жылда олардың жоғалу қарқыны тіпті күшейген.
"Мұндай көлемдегі мұздың еріп құлау оқиғасы соңғы 20 жылда Перито-Морено мұздығында жиі болған емес", - дейді Лос-Гласиарес ұлттық саябағындағы туристік гид Пабло Кинтерос.