Қаражаттың жетіспеуінен табысы төмен және орта деңгейлі елдерде профилактикалық жобалар жабылды.
ERNUR.KZ. 2025 жылы адамның иммунотапшылық вирусымен күреске арналған әлемдік қаржыландыру 40 пайызға қысқарды, деп жазады stan.kz.
Бұл туралы БҰҰ-ның ЮНЭЙДС бағдарламасы мәлімдеді.
Қаражаттың жетіспеуінен табысы төмен және орта деңгейлі елдерде профилактикалық жобалар жабылды. Кейінгі он айда 2,5 миллион адам емнен құр қалды. Бірқатар мемлекетте науқастар дәрі-дәрмек пен медициналық көмек ала алмай отыр. Бұл дерттен жер бетінде бүгінде 40 миллионнан астам адам зардап шегеді.
Ұйым өкілдері қаржыландыру қайта жанданбаса, алдағы бес жылда тағы үш миллион адам ауру жұқтыруы мүмкін дейді.


