​72 жолбарыстың өлімі: Таиланд мысық вирусының өршуін тоқтатуға шұғыл кірісті

0
75

Өлімнің көп бөлігі Tiger Kingdom Mae Taeng және Tiger Kingdom Mae Rim атты екі жеке хайуанаттар бағында тіркелген.


​72 жолбарыстың өлімі: Таиланд мысық вирусының өршуін тоқтатуға шұғыл кірісті

Фото: Видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Таиланд билігі Чиангмай провинциясында жабайы табиғат саябақтарында ұсталған кемінде 72 жолбарыстың өліміне себеп болған вирустық аурудың өршуін тоқтатуға тырысып жатыр, деп жазады inform.kz.

Өлімнің көп бөлігі Tiger Kingdom Mae Taeng және Tiger Kingdom Mae Rim атты екі жеке хайуанаттар бағында тіркелген. Бұл жерлерде туристер ірі мысықтұқымдастармен тығыз байланыста бола алады.

Аймақтық қорғалатын аумақтар басқармасының жариялаған хронологиясына сәйкес, 8-19 ақпан аралығында Mae Taeng хайуанаттар бағында – 51, ал Mae Rim хайуанаттар бағында 21 жолбарыс қаза тапқан.
The Bangkok Post газеті хабарлауынша, мал шаруашылығы қызметкерлері жүргізген алдын ала талдауларға сәйкес, қаза тапқан 72 жолбарыс мысық парвовирустық инфекциясымен ауырған.
Чиангмай провинциясының мал шаруашылығы басқармасынан келген ветеринарлық топтар жүргізген мәйіттерді тексеру зерттеуі вирус бар екенін растап, сынамалардан сонымен қатар ит оба вирусы (CDV) және микоплазмалық бактериялар анықталғанын хабарлады. Алайда А тұмау вирусы (құс тұмауын тудыратын) іздері табылмаған.
Айта кетейік, жуырда Таиландтан оралған ресейлік 2 азаматтан маймыл шешегі анықталды.
Сондай-ақ осы елде адамдар мен жануарлар арасындағы қақтығыстар жиілеген өңірлерде жабайы пілдерге контрацептивтік вакцина егіп жатыр.