6 тәулік өтті: Таиландта жоғалған ресейліктердің анасы іздеу жұмысы жайлы тың ақпарат жариялады

0
630

​Күдктілер тергеуге алынған.


6 тәулік өтті: Таиландта жоғалған ресейліктердің анасы іздеу жұмысы жайлы тың ақпарат жариялады

Фото: instagram.com.

ERNUR.KZ. Таиландта күмәнді жағдайда жоғалған ресейлік әпкесі мен інісі 17 жастағы Роман мен 22 жастағы Диананы іздеу жұмысы жалғасып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еске сала кетейік, Роман мен Диана 26 шілдеде таңғы сағат 4-те үйден мотоциклмен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Олардың мотоциклі жеке үйдің жанында көмілген күйде табылды.

Жоғалған ресейлктердің анасы Instagram-да іздеу барысы туралы мәлімдеме жасады.

«Қазіргі уақытта полиция белсенді тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Қолда бар ақпарат бойынша, күдіктілер ұсталды, тергеушілер олармен жұмыс істеп жатыр. Тергеуге құрметпен қарап және іздеуге кедергі келтірмеу үшін мен ешқандай егжей-тегжейлі мәлімет бере алмаймын. Дұға етіп, көмектесіп, ақпарат таратып, маған қолдау көрсетіп жатқандардың барлығына алғыс, қазір бұл өте маңызды», - деді ол.

Сонымен қатар, ол іздеу жұмысы алтыншы тәулік жүріп жатқанын және берілуге ниетті емес екенін атап өтті.

Екі баланың анасы Роман мен Диананың жоғалу ісі бойынша Понг есімді тай бандасының көшбасшысы ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарып, бұл тақырыпта тараған ақпаратты фейк деп атады.