​2036 жылға қарай «Роскосмос» айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

0
86

Жобаға «Роскосмоспен» қатар «Росатом» және Курчатов институты да қатысады.


​2036 жылға қарай «Роскосмос» айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

Фото: видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. «Роскосмос» 2036 жылға дейін Ресейдің айдағы электр станциясын құру бойынша жұмыстарды орындау үшін Лавочкин атындағы ҒӨБ-мен мемлекеттік келісімшарт жасасқаны туралы мәлімдеді. Келісімшартты іске асыру мерзімі – 2025-2036 жылдар, деп жазады inform.kz.

Ай электр станциясының мақсаты — Ресейдің Ай бағдарламасының тұтынушыларын және Халықаралық ғылыми ай станциясының инфрақұрылым нысандарын ұзақ мерзімді энергиямен қамтамасыз ету. Атап айтқанда, ай үстінде жүретін көліктер, обсерватория, сондай-ақ шетелдік серіктестердің нысандары.

Айта кетейік, «Лавочкин атындағы ҒӨБ» АҚ — іргелі ғылыми, астрофизикалық, планеталық зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ Жерді қашықтан зондтауға арналған автоматты ғарыштық кешендер мен жүйелерді әзірлеу, өндіру және практикалық қолданумен айналысатын зымыран-ғарыш өнеркәсібі ұйымы. Сонымен қатар ғарыш аппараттарын есептік околоземдік орбиталарға және Жерден ұшып шығу траекторияларына шығару үшін үдеткіш блоктарды әзірлейді.
Сондай-ақ жоба аясында ғарыш аппараттарын әзірлеу, жерүсті-эксперименттік сынақтар, ұшу сынақтары, сондай-ақ Айда инфрақұрылымды орналастыру жұмыстары жүргізілетіні хабарланды.
Мемлекеттік корпорацияда бұл жоба тұрақты жұмыс істейтін ғылыми Ай станциясын құру жолындағы маңызды қадам әрі бір реттік миссиялардан Айды ұзақ мерзімді зерттеу бағдарламасына көшу екенін атап өтті.
Жобаға «Роскосмоспен» қатар «Росатом» және Курчатов институты да қатысады.