2026 жылғы Олимпиада алауын жағу рәсімі археологиялық мұражайда өтеді

0
85

Мұражай аумағының шағын болуына байланысты алау жағу рәсімі көпшілікке жабық форматта өтеді.


2026 жылғы Олимпиада алауын жағу рәсімі археологиялық мұражайда өтеді

ERNUR.KZ. 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу рәсімі ауа райының қолайсыздығына байланысты ашық аспан астында емес, ежелгі Олимпиядағы археологиялық мұражайда өтеді, деп жазады baq.kz.

Алау жағу рәсімі 26 қарашада ұйымдастырылады. Одан кейін басталатын тоғыз күндік алау эстафетасы елдің 23 аймақтық бөлімшесі мен жеті әкімшілік округін қамтып, 2200 шақырымды жүріп өтеді. Бағдарлама аясында Грекия бойынша 36 салтанатты қарсы алу шарасы өткізіледі.

Мұражай аумағының шағын болуына байланысты алау жағу рәсімі көпшілікке жабық форматта өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, шараға Грекия президенті Константинос Тасулас, ХОК президенті Кирсти Ковентри, Милан – Кортина 2026 ұйымдастыру комитетінің басшысы Джованни Малаго, Грекия ҰОК президенті Исидорос Кувелос және Олимпия қаласының мэрі Аристидис Панайтопулос қатысады