Қасақана от қою, немқұрайлылық, найзағай: министрлік орман өртінің себебін анықтап жатыр

0
411

. Тиісті сараптамалық және іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.


Қасақана от қою, немқұрайлылық, найзағай: министрлік орман өртінің себебін анықтап жатыр

ERNUR.KZ. Абай облысындағы өртті тергеу барысында қасақана от қою нұсқасы да қарастырылып жатыр. Іс прокурорлардың қарауына жіберілді, деп хабарлады ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, деп жазады sputnik.kz.

"Одан бөлек немқұрайлылық пен найзағай түсу нұсқасы да қарастырылады", - деді министр.

Оның айтуынша, тергеуге екі ай беріледі. Тиісті сараптамалық және іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.

Сонымен қатар ол журналистрдің Юрий Ильинге қатысты тексеру жұмыстары жүргізіле ме деген сұрағына жауап берді.
"Президент тапсырма берді, оның аясында Бас прокуратура тексеру жүргізеді. Өрт фактісінің өзі - төтенше жағдай, адамдар көз жұмды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру жүргізіледі. Дер кезінде қабылданғабаған іс-шаралар да немқұрайлылық, өз қызметін тиісті атқармау болуы мүмкін", - деді Ахметжанов.