Абай облысындағы орман өрті: шығын әлі есептелген жоқ

0
495

​Орман өртін жою жұмыстары аяқталмаған.


Абай облысындағы орман өрті: шығын әлі есептелген жоқ

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова Абай облысындағы орман өртінен қанша шығын келгені әлі есептелмегенін айтты, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, Абай облысындағы орман өртін жою жұмыстары әлі аяқталмаған. Сол себепті шығын мөлшері есептелген жоқ.
"Өрт толығымен жойылған соң, екі аптадан соң арнайы жұмыс тобы құрылып, өрт болған аумаққа барып, келтірілген шығын көлемі есептеледі. Яғни қазіргі таңда қандай зиян келтірілгені туралы ақпарат әзірге жоқ. Ал экологияға келген залал жайлы қандай да бір ақпараттар жарияланып жатса, бұл – адамдардың тұспалдап, жобалап айтып жатқандары", - деді Сүлейменова үкімет кулуарында.
Еске сала кетейік, Абай облысында алапат орман өртінен 15 адам қаза тапқан болатын.