​«Бұларға жасыл түс жанып тұрады»: Вьетнамда демалып жүрген Қыдырәлі мен Қарақат сынға қалды

0
8 152

«Нағыз «еңбек сіңірген» демалыс болды»


​«Бұларға жасыл түс жанып тұрады»: Вьетнамда демалып жүрген Қыдырәлі мен Қарақат сынға қалды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның Вьетнамдағы отбасылық демалысы қызу талқыға түсті. Бұл саяхатқа айтыскер-ақын Сара Тоқтамысова да отбасымен бірге аттанған екен.


Әлеуметтік желі қолданушылары елімізде су тасқыны орын алып, ел әбіржіп жатқанда және оқу жылы аяқталмай жатып саяхаттап жүрген өнерлі жұпқа реніш білдірді.


«Сіздің балаларыңыз мектеп оқушылары еме пе? Сабақ уақытында мектеп директоры қалай жібереді?», «Әншілердің балаларына жасыл түс жанып тұрады», «Бұлар елдің жағдайына қашан бас қатырып еді...», «Несі бар, демалсын, еңбек сіңірді, өз ақшаларына қыдырып жүр, еш айыбы жоқ», «Өздері мақтанып салады, бұлардың қыдырғаны, ішкен-жегені кімге керек?!», «Бұлар тойып секіріп жүр, су тасқынынан талай адам тоңып секіріп жатыр» деп пікір білдірді көпшілік.


Ал өз кезегінде әнші Қарақат Әбілдина саяхаты туралы айтып берді.


«Сүйікті елімізге, гүлденген Вьетнам жерінен жалынды сәлем! Алладан амандықтарыңызды тілейміз! Алдын-ала жоспарланып қойған демалыс еді ғой бүл. Елдегі жағдайдан кейін, Қыдекең «ешқайда бармаймыз» деп шықты. Демалысқа төленген ақша толығымен күйіп кететін болды. Балалардың көңілдері түсіп, қойшы, әйтеуір не ойларымызды білмей дал болдық. Сөйтіп ел болып, жұрт болып әкелерінің күнде құлағын жеп, әйтеуір әрең дегенде көндірдік қой. Сондықтан бұл нағыз «еңбек сіңірген» демалыс болды. Елдегі жағдайға қатты алаңдадық, рас. Шүкір, бәрі жақсы болсыншы», – деп жазды әнші.