Абай облысында іздестіріліп жатқан орманшылардың барлығы қаза тапты

0
646

Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.


Абай облысында іздестіріліп жатқан орманшылардың барлығы қаза тапты

ERNUR.KZ. Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында тағы 11 қаза тапқан адамның денесі табылған, деп жазады sputnik.kz.

Қаза тапқандардың жеке басы анықталды:

  • Жиенбаева Мейрамгуль Кусаиновна 1989 жылы туған.
  • Токтасын Серікжан Бакытбекулы, 1996 жылы туған.
  • Дуйсембаев Амангелді Спатайулы, 1964 жылы туған.
  • Губаев Алексей Григорьевич, 1993 жылы туған.
  • Фоминых Максим Владимирович, 1998 жылы туған.
  • Нуржигитов Саят Нуржанович, 1972 жылы туған.
  • Начиненов Константин Сергеевич, 1983 жылы туған.
  • Сидорин Виктор Александрович, 1960 жылы туған.
  • Сидорин Александр Викторович, 1984 жылы туған.
  • Пузырев Николай Иванович, 1968 жылы туған.
  • Пузырев Сергей Николаевич, 1992 жылы туған.
  • Гражданкин Петр Александрович, 1971 жылы туған.
  • Дарибаев Александр Викторович, 1974 жылы туған.
  • Ганьшин Даниил Евгеньевич, 1981 жылы туған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған орман шаруашылығы үш қызметкерінің мәйіті табылған болатын.
Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.
Соңғы ақпарат бойынша, Абай облысында 9 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 252 техника жұмылдырылған.

Жетісу және Қарағанды облыстарынан жіберілген күштер мен құралдар өртті сөндіруге кірісті. Ал Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖД, Қарағанды мен Алматы облыстарынан ТЖД, 52859 және 28237 әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері, сондай-ақ жылжымалы басқару пункті өрт орнына бара жатыр.