​ Абай облысындағы орман өрті оқшауланды

0
468

«Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын.


​ Абай облысындағы орман өрті оқшауланды

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша ТЖ вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады»,-делінген хабарламада.