Оңтүстік Корея Абай облысындағы ормандарды қалпына келтіруге көмектеседі

0
441

14 маусымда өрт сөндірілгені белгілі болды.


Оңтүстік Корея Абай облысындағы ормандарды қалпына келтіруге көмектеседі

ERNUR.KZ. Азиялық орман шаруашылығы ынтымақтастығы ұйымы (AFoCO) Қазақстанға ормандарды қалпына келтіруге және өрттің алдын алуға көмектеседі, деп жазады zakon.kz.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Сеулде ұйымның вице-президентімен кездесуінде осылай деді.

"Кореяда 50-60 жылда ормандарды қалпына келтіру мақсатында 11 миллиард ағаш егіліп, 2,5 миллион гектар жер қалпына келтірілді. Осыған байланысты біз корей тарапына олардың бай тәжірибесін бізбен бірге пайдал ануды ұсындық".ҚР парламенті мәжілісі комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин

Жаңбыршиннің айтуынша, мамандарды даярлау мәселелері де талқыланды.

"Бізге олардың технологиясын немесе біз үшін маңызды басқа мүмкіндіктерін пайдалану керек. Сонымен қатар оларды біздің азаматтарға тағылымдамадан өтуге көмектесуге шақыру керек".Еділ Жаңбыршин

Абай облысындағы өрт 8 маусымда қайта басталған. Кейінгі мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртеніп кетті. 14 адам қайтыс болды.

14 маусымда өрт сөндірілгені белгілі болды. Толық жойылғанға дейін локализацияланған ошақтарға үнемі су төгу, өрттің шетін топырақпен толтыру жұргізіле береді.