Қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері ұшақпен тегін ұша алады

0
508

Жалынды ауыздықтауға қатысып жатқан өрт сөндірушілерге біржолғы тегін ұшулар ұсынылды.


Қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері ұшақпен тегін ұша алады

ERNUR.KZ. Семей орманындағы өртті ауыздықтау кезінде көз жұмған орманшылардың отбасы мүшелері жыл соңына дейін FlyArystan компаниясының ұшақтарымен тегін қатынайды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қаза болған отбасылардың мүшелеріне Семейден Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және кері бағытта 2023 жылдың соңына дейін тегін жүру мүмкіндігі берілді.

Жалынды ауыздықтауға қатысып жатқан өрт сөндірушілерге біржолғы тегін ұшулар ұсынылып отыр.

Сондай-ақ авиакомпания Алматы мен Астанадан гуманитарлық жүктерді жеткізуге қолғабыс етуге дайын», - делінген «Самұрық-Қазына» компаниясының Telegram-каналында.

Қаза болған орманшылардың отбасылары, өрт сөндіруге жұмылдырылған мамандар, гуманитарлық жүкті жинаумен айналысып жатқан волонтерлер help@flyarystan.com электронды мекенжайына жаза алады.