Биыл мынадай МАҚСАТ қойсаңыз, сөзсіз ОРЫНДАЛАДЫ

0
154

2026 – қаржы ағымы бар жыл, бірақ қаржылық сауаттылық, нақты жоспар қажет.


Биыл мынадай МАҚСАТ қойсаңыз, сөзсіз ОРЫНДАЛАДЫ

Сурет: i.pinimg.com


ТОҚТЫ

Жыл сізді алға сүйрейді, әсіресе материалдық жоспарларда. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Көлікті жаңарту, техниканы ауыстыру – жолыңызды ашып, ақша оңай келеді.
  • Қысқа мерзімді жобалар, тез табыс әкелетін бастамалар.

Қандай мақсатты кейінге қалдырған жөн?

  • Үй алу, ірі ипотекаға кіру — құжат жағынан кедергілер болуы, бағаның құбылуы есебінен ұтылуыңыз мүмкін.
  • Ұзақ мерзімді жоба, үлкен командалық бизнес.


ТОРПАҚ

Жылқы жылы сізде қаржылық тұрақтылық пен отбасы, үйге қатысты жақсы жақсылық көп болады. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Үйді жөндеу, интерьер жаңарту, тұрмыстық жағдайды жақсарту.
  • Денсаулық пен сұлулыққа қатысты көптен армандап жүрген бағалы процедуралар.

Кейінге қалдыру керек мақсаттар:

  • Қызмет ауыстыруға асықпаңыз.
  • Серіктеспен ортақ бизнес бастамаңыз.


ЕГІЗДЕР

Ақпарат, оқу, байланыс жылы. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Курстарға жазылу, жаңа мамандық үйрену.
  • Сапарлар, көшу, құжат рәсімдеу.

Кейінге қалдыру керек мақсаттар:

  • Үлкен несие, қымбат сатып алулар.
  • Толықтай кәсіп ауыстыру. Кішкене күте тұрыңыз. бұл мақсат үшін 2027 жыл жайлырақ.


ШАЯН

Отбасы, жер, үй энергиясы күшейеді. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Үй алу, жер теліміне байланысты мақсаттар.
  • Отбасын кеңейтуге байланысты жоспарлар.

Кейінге қалдыру керек мақсаттар:

  • Үлкен бизнес бастау.
  • Қаржы тәуекелі бар инвестициялар.


АРЫСТАН

Жылқы жылы – сіз үшін кәсіби жарылыс жылы. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Карьералық өсу, жаңа қызметке көтерілу.
  • Бренд ашу, жеке жобаны бастау.

Кейінге қалдыру керек:

  • Шетелге көшу мәселесі.
  • Үйді сату, ауыстыру.


БИКЕШ

Оқу, өзін-өзі дамыту, білім беру жылы. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Тіл үйрену, курстар, сертификат алу.
  • Денсаулықты жақсарту мақсаттары.

Кейінге қалдыру:

  • Басқа адамдармен серіктестік арқылы басталатын үлкен бизнесі.
  • Машина, техника жаңарту (шығыны көп болады).


ТАРАЗЫ

2026 – қаржы ағымы бар жыл, бірақ қаржылық сауаттылық, нақты жоспар қажет. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Нақты, кішкентай қаржылық мақсаттар: депозит ашу, қосымша табыс көзін іске қосу.
  • Жеке өмірге қатысты мақсаттар (некеге тұру, қарым-қатынас бекіту).

Қандай мақсатты кейінге қалдырған жөн?

  • Ірі бизнес және инвестиция.
  • Қымбат мүлік алу.


САРЫШАЯН

Жыл сізге өзгеріс пен жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Жаңа жұмыс табу, табысты арттыру.
  • Психологиялық, физикалық трансформация.

Кейінге қалдыру:

  • Некеге асығып шешім қабылдау.
  • Үлкен несие алу.


МЕРГЕН

2026 – шығармашылық пен саяхат жылы. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Саяхаттау, жыл ішінде 1–2 үлкен сапарға жол ашылады.
  • Шығармашылықпен айналысу, медиа-жоба, блог бастау.

Кейінге қалдыру керек мақсаттар:

  • Жаңа бизнес (серіктеспен).
  • Үй-жер сатып алу.


ТАУЕШКІ

2026 – отбасылық және қаржылық құрылым жылы. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Жер, үй, бақша, меншікке қатысты жоспарлар.
  • Жинақ жасау, ақша көбейту.

Кейінге қалдыру:

  • Жұмысты күрт өзгерту.
  • Шетелге қоныс аудару.


СУҚҰЙҒЫШ

Жылқы жылы сізге ұтымды идеялар мен пайдалы таныстықтар көп келеді. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Жоба, старт-ап, шығармашылық бастама.
  • Жаңа таныстар арқылы мүмкіндіктер.

Кейінге қалдыру:

  • Үлкен техникалық сатып алулар.
  • Біраз шығынды талап ететін жөндеу жұмыстары.


БАЛЫҚТАР

Рухани, эмоционалдық тазару жылы. Тез орындалатын мақсаттар:

  • Физикалық және эмоционалдық денсаулықты қалпына келтіру.
  • Жеке бренд, шығармашылық бастамалар.

Кейінге қалдыру:

  • Үлкен ақша құюды талап ететін тәуекелі бар істер.
  • Инвестициялар, қарыз беру.

Аударған: А. Керімбек,

ERNUR.KZ