Мәулет Әлихан батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

0
85

Бірінші орынды 28,600 ұпай жинаған ресейлік Лев Бусарев иеленді.


Мәулет Әлихан батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасының өкілі Мәулет Әлихан батуттағы гимнастикадан жас ерекшеліктері бойынша Нанкинде (Қытай) өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

Қазақстандық спортшы 17-21 жас аралығындағы гимнастар арасында қос шағын батутта өнер көрсетіп, финалда екінші орынға ие болды.

Бірінші орынды 28,600 ұпай жинаған ресейлік Лев Бусарев иеленді. Ал америкалық Кейсен Мааг 23,900 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.