"Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы анықталды

0
120

Талдықорғандық Дәрия Қуатжан көрермендердің дауысымен байқауда алға шығып, "Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы атанды.


ERNUR.KZ. "Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы анықталды, деп жазады baq.kz.

Талдықорғандық Дәрия Қуатжан көрермендердің дауысымен байқауда алға шығып, "Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы атанды.

1. Дәрия Қуатжан 26 376 дауыс;

2. Диана Қырым 13 160 дауыс;

3. Дариға Рахым 11 045 дауыс;

4. Данира Айдынқызы 8 288 дауыс;

5. Алтынай Базылжан 5 017 дауыс;

6. Ақшуақ Бауыржанқызы 4 462;

7. Ұлдана Ботабек 3 706 дауыс;

8. Айша Тасқан 3 551 дауыс;

9. Айкерім Нұрғалиева 3 109 дауыс;

10. Қызғалдақ Әуесханқызы 2 311 дауыс.

«Қазақ Аруы» — бұл жай ғана сұлулық байқауы емес. Бұл — ұлттық құндылықтар мен заманауи трендтердің тоғысқан мәдени платформасы. Мұнда XXI ғасырдағы қазақ қызының: білімді, өз мәдениетіне құрметпен қарайтын және болашаққа нық қадам басқан бейнесі қалыптасады. 2011 жылдан бері «Қазақ Аруы» нәзіктіктің, интеллекттің және прогрестің символына айналды. Ол жастарды шабыттандырып, тіл мен дәстүрді қолдап, патриотизмді дамытып, қазақ мәдениетінің сұлулығын бүкіл әлемге танытып келеді. Жобаның шабыттандырушысы әрі негізін қалаушы — Баян Алагузова. Ол идеяны ұлттық символға айналдырып, байқауға бүкіл Қазақстанға таныс үн берді, - деп жазылған Қазақ аруы ресми парақшасында.