Қыс мезігіліне МЫНА ТАҒАМДЫ сақтауға БОЛМАЙДЫ

0
7 146

Мұздатқышта ұзақ уақытқа сорпаны сақтауға болады.


Қыс мезігіліне МЫНА ТАҒАМДЫ сақтауға БОЛМАЙДЫ

Қыстың қамын жазда жасайтын қыз-келіншектер біраз көкөністер мен жемістерді мұздатқышқа салады. Әсіресе аязда жазды еске салатын бұрышты көбірек дайындауға тырысамыз. Мұздатқышта дайынжәне шикі күйіндегі тағамдарды қанша уақыт сақтауға болады?


Жентектелген ет салынған бұрышты мұздатқышта қанша уақыт сақтауға болады

Мұздатқышта сақталған жентек етпен дайындалған бұрыш өзінің дәмін, құрамын, түрін ешқандай жоғалтпайды.


Ұзақ уақыт сақтау үшін

Жентектелген ет салынған бұрышты өз тәсіліңізбен дайындап аласыз. Оны мұздатқышта шикі және піскен күйінде де сақтауға болады.


Шикі күйінде

  • Турауға арналған тақтайдың бетіне пленканы (пищевой пленка) орап, бетіне ішінде салмасы бар бұрышты бір-біріне тимейтіндей етіп қоямыз. Алдымен 1 сағат шамасында тоңазытқышқа салып аламыз. Кейін тура сол күйінде мұздатқышқа салу керек. Жылдам мұздату қызметі бар болса, қосқан дұрыс.
  • 3 сағаттан кейін мұздатқыштан алып, қаншалықты қата бастағанын тексеру керек. Егер әлі жұмсақтау болса, ары қарай мұздатуға қоясыз. Тек ескеретін жағдай тақтай бетінде бұрышты 8 сағаттан артық қалдыруға болмайды. Өзіне басқа иістерді сіңіріп алады, одан оның дәмі өзгереді.
  • Толық мұз болып қатқан соң контейнерге немесе кленка қалтаға салып мұздатқышқа қойылады.


Пісірілген күйде

Жентектелген ет салынған бұрыш тағамын (голубцы) бөлме температурасында салқындатып аламыз. Кейін тоңазытқышқа 2-3 сағатқа қоямыз. Тоңазытқыштан шыққан бұрышты контейнерлерге салып мұздатқышқа салу керек.


Сақтау мерзімі

Піскен және жартылай дайын бұрыш тағамын ұзақ уақыт сақтауға болады. Пісірілмеген, жартылай дайын бұрыш тағамын мұздатқышта 1,5 – 2 айдан артық сақтамаған жөн. Ал пісірілгенін 4 ай бойы сақтай беруге болады. Тек мұздатқыштағы температура -18 градустан жоғары болмауы керек. Одан жоғарылаған сайын тағамның сақтау мерзімі қысқара береді.

Жентектелген ет салынған бұрыш секілді жүзім жапырағына оралған тағамды (долма) да мұздатқышта сақтауға болады.

Долманы тоңазытқышта піскен және шикі күйінде 5-6 күн сақтай аласыз. Ал мұздатқышта 3-6 айға дейін бұзылмайды.

Тағамның бүлінгенінің белгісі:

  • Тұрып қалған жағымсыз иіс.
  • Ащы, қышқыл дәм.
  • Тағамның беткі қабатында дақтың пайда болуы.


Мұздатқышта сақтауға болатын сорпа түрлері

Негізі кез-келген дайын сорпаны мұздатқышта сақтауға болады: жасымық, ноқат, бұршақ. Тек кеспесі бар сорпаны мейлінше сақтамаған дұрыс. Көптеген кеспе түрлері мұздатқыштан шыққан соң қарайып кетеді. Сонымен бірге картоп пен сәбіз салуға болмайды.


Ескеру! Мұздатқышқа қойған әр тағамды, жеміс жидек пен ет, балық өнімдерін бір-бірінен бөлек салыңыз. Олай болмаған жағдайда балық, ет, тағамдардың иісі жемістерге сіңіп қалуы мүмкін.


Мұздатқышта сақтаған жартылай дайын немесе піскен тағамдармен кез-келген жағдайдан оңай шығып кете аласыз. Аяқ астынан келген қонақ, жұмыстан кеш келіп тамақ жасауға мүмкіндік болмай қалғанда да жақсы көмек.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.