Дзюдодан 73 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Түркістандық Қуандық Шадияр Сурдолимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Сурдолимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы үшін тарихи жеңіс тіркелді. Дзюдодан 73 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған түркістандық Қуандық Шадияр қарсыластарына мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен топ жарып, Сурдолимпиада чемпионы атанды.
15-18 қараша аралығында ұйымдастырылған дүбірлі додада отандасымыздың шеберлігі мен дайындығы мықты болып, әр белдесуінде жеңіске жетті. Бұл жеңіс – спортшының ұзақ жылдар бойғы еңбегі мен табандылығының нәтижесі, сондай-ақ Қазақстан дзюдосының халықаралық аренадағы беделін арттыра түскен маңызды жетістік.


