Түркістандық спортшы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

0
130

Финалға дейін қарсылас шыдатпаған қазақ спортшысы сенімді ақтай білді.


Түркістандық спортшы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Түркістандық Айдарбек Тоқтарбек – Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Сурдолимпиада ойындары Қазақстан құрамасы үшін табысты басталды. Әсіресе ұлттық құрама дзюдошылары елді жарқын жеңістерімен қуантуда.


Қазақстан құрамасының спортшысы, Түркістан облысының өкілі – Тоқтарбек Айдарбек 100 келіге дейінгі салмақта күміс медальға ие болды. Финалға дейін қарсылас шыдатпаған қазақ спортшысы сенімді ақтай білді.


Айта кетейік, бұған дейін дүбірлі доданың алғашқы күнінде 73 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған түркістандық Қуандық Шадияр тамаша өнер көрсетіп, Сурдолимпиаданың алтын медалін жеңіп алған болатын.

Бөлісу