Түркістандық оқушылар халықаралық IT байқауда жүлдегер атанды

0
87

Беделді додаға 3000-нан астам оқушы өтінім білдіріп, іріктеу нәтижесінде 600 үздік финалист анықталды.


Түркістандық оқушылар халықаралық IT байқауда жүлдегер атанды

Астана қаласында халықаралық «INFOMATRIX-ASIA» компьютерлік жобалар байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «INFOMATRIX-ASIA» компьютерлік жобалар байқауы өз мәресіне жетті.


Беделді додаға 3000-нан астам оқушы өтінім білдіріп, іріктеу нәтижесінде 600 үздік финалист анықталды. Әлемнің 10 мемлекетінен 250-ден астам команда қатысқан байқауда жас ғалымдар IT саласындағы тың жобаларын ұсынды.


Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Сарыағаш ауданындағы №4 мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының “NOMAD ROBOTICS” командасы «Arduino Hackathon» санаты бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді.


Команда құрамында: Қонысбек Абдулла, Қалдыбай Ерзат, Ахмедқожа Алхан.

Жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Жүзбаев Арман Қасымбекұлы.

Жеңімпаз оқушыларға Алматы энергетика және байланыс университетінің 4 жылдық білім гранты табысталды.


Бұл жетістік – өңіріміздегі дарынды жастарды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жас өнертапқыштардың халықаралық деңгейде топ жарып, ел абыройын асқақтатуы – білім саласының сапалы дамуының айқын көрінісі.

Бөлісу