Түркістанда ұлттық дәстүр дәріптелді

0
61

Өнерпаздар «Ауылдың алты ауызы», «Жарапазан» халық әндерімен қарсы алды.


Түркістанда ұлттық дәстүр дәріптелді

Түркістан қалалық мәдениет үйінде «Наурызнама – дәстүр дәріптелген күн» атты мерекелік театрландырылған іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Түркістан қалалық мәдениет үйінде «Наурызнама – дәстүр дәріптелген күн» атты мерекелік театрландырылған іс-шара өтті.


Мерекелік бағдарлама аясында қонақтарды өнерпаздар «Ауылдың алты ауызы», «Жарапазан» халық әндерімен қарсы алды. Сондай-ақ «Угайым-ай» әжелер хоры өнер көрсетіп, келушілерді «Наурыз дәмдері» ұлттық тағамдарын ұсынды.


Сахнада «Яссы» халықтық фольклорлық ансамблі «Әр ұлт әуендері» композициясын орындап, Қ.Аманбаев «Домбыра» әнін шырқады. Театрландырылған көріністе «Күн мен Түн» бейнелері арқылы табиғаттың жаңаруын бейнелейтін сахналық қойылым қойылды. Сонымен қатар Наурыз аруы, Ұмай ана, Қыдыр ата бейнелері қатысқан «Тазару рәсімі» көрермен назарына ұсынылды.


Іс-шараны Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов ашып, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Есенәлімұрат Ізтілеуов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Рысбеков мерекелік құттықтауларын жеткізді. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.


Бағдарлама аясында тұсау кесу рәсімі өтті. Сонымен қатар мерекелік кеш барысында «Қара жорға», «Әз Наурыз», «Балауса», «Ақ тілек» әндері орындалып, «Этностайл», «Семсер» топтары мен басқа да өнерпаздар халық әндерінен попурри шырқады. Іс-шара барлық қатысушылардың орындауындағы «Наурыз думан» әнімен қорытындыланды.


Аталған мерекелік іс-шара ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеп, Наурыз мейрамының береке мен бірліктің, жаңару мен ізгіліктің символы екенін тағы да айшықтай түсті.

Бөлісу