Түркістанда мәдениет жанашырына құрмет көрсетілді

0
91

Сырға толы мазмұнды кештен қонақтар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.


Түркістанда мәдениет жанашырына құрмет көрсетілді

Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығының директоры, мәдениет майталманы, музей жанашыры Гүлжанат Дюсенбаеваның 60 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.


Алдымен келушілер фотокөрмені тамашалап, арнайы дайындалған тілек бұрышына лебізін жазып қалдырды. Ал ансамбль көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кеш көркін аша түсті. Өмірі мен еңбек жолы қамтылған мазмұнды фильм көпшілік назарына ұсынылды.


Бенефис-шоу форматындағы жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы қатысып, құрмет көрсетті. Сонымен қатар Абай облысының әкімі Берік Уәлидің құттықтау хатын абыз ақсақал Жарылқасын Әзіретбергенов салтанатты түрде табыс етті. Өңірімізге белгілі зиялы қауым өкілдері, ресми және қоғамдық ұйымдардың басшылары, замандастары мен мәдениет қызметкерлері қатысты.


Кездесуді «Аналар» республикалық қоғамдық журналының бас редакторы Ажар Момбек жүргізіп отырды. Арнау айтылып, Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Кеш иесінің болмысын аша түскен сауалдар қойылып, ақ тілектер ақтарылды.


Гүлжанат Ибраһимқызының өзі де ән шырқап, құттықтап келген жандарға алғысын білдірді. Сырға толы мазмұнды кештен қонақтар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Бөлісу