Түркістанда бірнеше күннен бері іздестірілген 2 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды

0
154

​Іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылып, жоғалған сәбидің денесі оқиға орнынан 7 шақырым төмен жерден анықталды.


Түркістанда бірнеше күннен бері іздестірілген 2 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды

Фото:: reepik.com

ERNUR.KZ. 4 сәуірде Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Машат елді мекенінде Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2024 жылы туған баланың денесін тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің алдын ала мәліметінше, қыз бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен.

Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді. Нәтижесінде баланың денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылған.

Еске салайық, Түркістан облысында 2018 жылы туған баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бала ойнап жүріп, өзенге құлап кеткені айтылған.