​Түркістанда 12 қабатты тұрғынүй өртенді

0
80

Өрттің шығу себебі анықталуда.


​Түркістанда 12 қабатты тұрғынүй өртенді

Түркістанда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 60-тан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы «112» пультіне 9-шы көшедегі 12 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жеткен. Алғашқы өрт сөндіру есептоптары келген кезде ғимараттың 8-11 қабаттары аралығындағы сыртқы қаптамасының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.

«ТЖМ қызметкерлері автосаты арқылы өрт сөндіру оқпандарын дереу іске қосып, өртті сөндіруге кірісті. Сонымен қатар тұрғындарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ арқылы 63 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялады. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген ТЖМ-ның ресми хабарламасында.

Бөлісу