ТҮРКІСТАН: Жұмыс жәрмеңкелерінде 537 азаматқа жолдама берілді

0
72

Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.


ТҮРКІСТАН: Жұмыс жәрмеңкелерінде 537 азаматқа жолдама берілді

Түркістан облысында жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Жуырда қала және аудандық Мансап орталықтарында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылды.


Жәрмеңкелерге 379 жұмыс беруші қатысып, түрлі сала бойынша 1710 бос жұмыс орнын ұсынды. Іс-шара барысында жұмыс іздеуші азаматтар жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, өз мамандығына сәйкес ұсыныстар алды.


Нәтижесінде 537 азамат бос жұмыс орындарына жолдама алып, тұрақты және уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.


Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты тиімді үйлестіруге, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған. Облыс көлемінде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

Бөлісу