Тергеу нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады
Жетісай ауданында орын алған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай ауданында орын алған өрт фактісі бойынша "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Тергеу нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады” - делінген ресми хабарламада.


