ТҮРКІСТАН: Жетісайда жауын-шашын салдарыН жою жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
89

Арнайы техникалардың жұмылдырылуымен күшейтілген режимде атқарылуда.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда жауын-шашын салдарыН жою жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Жетісайда жауын-шашыннан кейінгі салдарды жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында толассыз жауған нөсер жаңбырдың салдарын жою жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.


Аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес қала, кент, ауылдық округтердің көшелерінде, көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың аулаларында жиналған жаңбыр суын тарту, арық-атыздарды тазалау жұмыстары коммуналдық және төтенше жағдайлар салаларының қызметкерлерінің, арнайы техникалардың жұмылдырылуымен күшейтілген режимде атқарылуда.


Су басу қаупінің алдын алу мақсатында аудан басшысы Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов тиісті сала басшыларымен атқарылып жатқан жұмыстардың басында болып, ахуалды тұрақты бақылауында ұстап отыр.

Бөлісу