ТҮРКІСТАН: Жедел жәрдем қызметкерлері сәбидің өмірін сақтап қалды

0
66

Баланың тыныс алу жолындағы зат алынып, тынысы қайта қалпына келтірілген.


ТҮРКІСТАН: Жедел жәрдем қызметкерлері сәбидің өмірін сақтап қалды

Түркістан облысында жедел жәрдем қызметкерлері сәбидің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданындағы №42 жедел жәрдем бригадасы Түйетас ауылында жас сәбиді өлімнен арашалап қалды. Онда бір жасар қыз баланың тамағына кәмпит тұрып қалып, салдарынан сәбидің тыныс алуы тоқтаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері жағдайдың аса қауіпті екенін бірден түсініп, шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Нәтижесінде баланың тыныс алу жолындағы зат алынып, тынысы қайта қалпына келтірілген.


Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты. Бұл оқиға – адам өмірін сақтап қалуда жедел жәрдем қызметкерлерінің шапшаңдығы мен біліктілігінің қаншалықты маңызды екенін аңғартады. Мамандар ата-аналарға кішкентай балаларға қатты немесе ұсақ тағамдарды бергенде аса мұқият болуды, сондай-ақ төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгеріп жүруді ескертеді.

Бөлісу