Облыс мерейін асқақтатқан спортшыларға құрмет көрсетті.
Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Байхрейннің Манама қаласында үшінші жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өткен болатын. Дүбірлі додада Қазақстанның сапында өнер көрсеткен түркістандық жас балуандар мен боксшылартамаша нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, еркін күрестен Қазақстан құрамасы сапында 71 келі салмақтаНұртай Наров пен 45 келі салмақ дәрежесіндеАғабек Бақдаулет қола жүлде жеңіп алса, 60 келі салмақта Бегасыл Асанбек алтын медальға ие болды.Бокс бойынша 50 келі салмақта ел намысын қорғаған Нұрмахан Жұмағали барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанса, ал 46 келі салмақта бақ сынаған Арман Мырсабит күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осы орайда, бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай АлтаевАзия ойындарының жеңімпаздарын қабылдап,облыс мерейін асқақтатқанспортшыларға құрмет көрсетті.
– Бұл – төрт жылда бір өтетін және Азия құрлығындағы ең беделді әрі бәсекесі жоғары халықаралық дода. Осындай дүбірлі додада еліміздің көк туын желбіретіп, өңіріміздің намысын қорғап, намысты әрі тартысты сайыстарда жүлделі оралған спортшыларымызға мың алғыс. Алдағы халықаралық жарыстарда да биік нәтиже көрсетіп, ел мерейін асқақтатуларыңызға тілектеспін. Олимпиада ойындарының жеңіс тұғырынан көріну – баршамыздың ортақ мақсатымыз, – деді Ертай Кенжебекұлы.


