​ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

0
213

А​заматтардың басым бөлігі тұрғын үй алу бойынша өтініштерін жеткізді.


​ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

ERNUR.KZ. Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданының тұрғындары келді.

Азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй алу бойынша өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар жұмысқа орналасу, туризим саласы бойынша субсидия алу, ауыз су, жарық, жол және денсаулық саласындағы өзекті мәселелерді көтерді.
Тұрғындардың бірі Түркістан қаласындағы көгалдандыру, жарықтандыру, дезинфекция жұмыстары мен қалалық тұрғын үй бөліміне қатысты шағымданса, енді бірі Шорнақ ауылына емхана салу қажеттігін жеткізді.
Сондай-ақ Төлеби мен Қазығұрт ауданының тұрғындары өтініштері мен ұсыныстарын бейнебайланыс арқылы айтты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелердің шешу жолдарын заңды тұрғыда түсіндіріп, тиісті басқарма басшылары мен әкім орынбасарларына нақты тапсырма берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.