​ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 48 отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталды

0
282

Салтанатты шараға аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев қатысып, қоныс той иелерінің қуаныштарымен бөлісті.


​ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 48 отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталды

фото:Түркістан облысы әкімдігі

ERNUR.KZ. Түлкібас ауданында 48 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Бұл – мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қолдаудың нәтижесі.

Салтанатты шараға аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев қатысып, қоныс той иелерінің қуаныштарымен бөлісті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты баспанамен, жұмыспен қамтуға арналған бағдарламаларының нәтижесінде қаншама отбасы баспаналы болып, жұмысқа орналасуда. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында тұрғын үй кезегінде 3250-ден астам азамат болса, соның ішінде бүгін 48 азамат жаңа баспанаға қол жеткізді. Оның ішінде ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар мен жас отбасылар бар. Бұл бағыттағы жұмыстар осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта жалғасын табады, – деді аудан әкімі.
Бүгін баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы 7 баланы тәрбиелеп, өсіріп отырған алтынқұрсақты ана Сұлушаш Нұрымбетова бар.
– Үй кезегіне 2018 жылы көпбалалы ана ретінде тұрған болатынмын. Бүгін, міне, мемлекетіміздің қолдауымен және бала-шағамның несібесіне орай үш бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отырмын. Барша бүгінгі қоныс тойын тойлағалы отырған көршілерімді жаңа үйлерімен құттықтаймын. Және де үйге қол жеткізе алмай жүрген жандарға жұғысты болсын дегім келеді, – деді баспанаға қол жеткізген көпбалалы ана.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында аудан орталығына қарасты «Нұршуақ» шағынауданында 56 жаңа пәтер кілттері үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталған болатын. Осылайша, биыл 104 түлкібастық жаңа баспанаға қол жеткізіп отыр.