ТҮРКІСТАН: Төрткүл тұрғындары тағы бір жанұяға баспана сыйлады

0
92

Бірлігі жарасқан, игі істерімен көпке үлгі болып келе жатқан елді мекендердің бірі.


ТҮРКІСТАН: Төрткүл тұрғындары тағы бір жанұяға баспана сыйлады

Төрткүл тұрғындары тағы бір отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылы — бірлігі жарасқан, игі істерімен көпке үлгі болып келе жатқан елді мекендердің бірі.


Бүгінде ауыл тұрғындарының бастамасымен құрылған «Төрткүл» қайырымдылық қоры тұрмысы төмен отбасыларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.


Жуырда қордың ұйымдастыруымен ауыл тұрғыны, көпбалалы жалғызбасты анаға жаңа баспананың кілті табысталды. Аталған игі іске ауыл тұрғындары бір кісідей атсалысып, ауызбіршіліктің жарқын үлгісін танытты.


Жаңа үй толықтай қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілген. Бұл — қор тарапынан табысталған төртінші баспана.


Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бөлісу