ТҮРКІСТАН: Төлебиде 200 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды

0
75

«Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде 200 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды

Төлеби ауданында 200 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұлыстың ұлы Наурыз мейрамы мен Ораза айт қарсаңында Төлеби аудандық орталық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті. Шара «Қуаныш Ешенқұл» жеке қорының демеушілігімен ұйымдастырылып, 200 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеттері табысталды. Іс-шара Қасиетті Құран оқумен басталды. Қайырымдылық шарасына ауданның бас имамы Үсен Сәуірбаев, «Қуаныш Ешенқұл» қорының өкілдері және аудан мақтанышы, әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов қатысты.

Спортшы Арман Оспанов жиналғандарды Ораза айт мерекесі мен Наурыз мейрамымен құттықтаса, ауданның бас имамы Үсен Сәуірбаев демеушілерге алғыс айтып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.

Бөлісу