ТҮРКІСТАН: Созақтағы «Жасыл белдеу» 3 шақырымға ұлғайды

0
102

3000-нан астам көшет егу жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Созақтағы «Жасыл белдеу» 3 шақырымға ұлғайды

Созақта «Жасыл белдеу» аумағы 3 шақырымға ұлғайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Созақ ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқын алды.


Аталған бастаманың аясында Шолаққорған – Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағы 3 шақырымға ұлғайтылып, бүгінгі күнге дейін 3000-ға жуық тал көшеті отырғызылды. Алдағы уақытта тағы 3000-нан астам көшет егу жоспарланып отыр.


Сонымен қатар кеңейтілген аумақты сақтау мақсатында арнайы шарбақтар орнату жұмыстары да жүргізіледі. Қазіргі таңда Шолаққорған – Түркістан автожолының екі бойынан жалпы ұзындығы 15 шақырымды қамтитын «Жасыл белдеу» қалыптастырылып, 25 мыңнан астам тал көшеті егілді.


Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков көгалдандыру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстап, жасыл аймақты дамыту бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.


Жалпы, бұл бастама ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу