ТҮРКІСТАН: ШОК саласында 2,6 трлн теңгенің өнімі өндірілген

0
164

Өндірілген өнім көлемі 138,8%-ға ұлғайды.


ТҮРКІСТАН: ШОК саласында 2,6 трлн теңгенің өнімі өндірілген

Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2,6 трлн теңгенің өнімі өндірілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлік саласында өндірілген өнім көлемі 138,8%-ға ұлғайып, 2,6 триллион теңгені құраған. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов мәлімдеді.


«Былтыр шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 343 жобасына сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 2025 жылы салада 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, қазіргі таңда 300 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жеңілдетілген несие беру мақсатында құрылған«Бірыңғай кешенді бағдарламасы» арқылы өткен жылы аймақ кәсіпкерлеріне 24,5 млрд теңге несие берілді. Сонымен қатар, 2025 жылдың тамыз айында кәсіпкерлер үшін 12,6%-бен несие беретін «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама арқылы 11 млрд теңге қаржы берілген. Ал, биыл мемлекеттік бағдарламалар негізінде өңір кәсіпкерліне 85 млрд теңге несие беру жоспарлануда. Сондай-ақ, кәсіп иелерінің қаржысын және уақытын үнемдеу мақсатында облыстың барлық аудан және қалаларында шағын өндірістік парктер жобасы іске асырылуда. Қазіргі таңда облыста жалпы 214 гектар аумақта 25 шағын өндірістік алаңдар құрылды. Бүгінде 258 өндірістік ғимараттардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 45 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталып, 32 жоба іске қосылды. Іске қосылған жобалардың қатарында тоңазытқыш өндіретін «UBC Group», жиһаз өндіретін «Aqniet Holding», жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» компаниялары бар. Өткен жылдың қорытындысымен облыстағы сауда саласында 913,7 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Өсім қарқыны 146,2%-ды құрап, Түркістан облысы республикада көш бастады»-деп баяндады сала басшысы .


Түркістан облысындағы «Тұрақтандыру қорында» жалпы соммасы 7,2 млрд теңгегені құрайтын 22 мың тонна өнім жиналған. Былтыр облыс бойынша 491 жәрмеңке өткізіліп, 10 мың тоннадан астам азық-түлік арзандатылған бағада сатылды. Биыл облыс аумағында 800-ге жуық жәрмеңке өткізу жоспарлануда. Одан бөлек, биылғы жоспар бойыншаоблыс көлеміндегі «Әлеуметтік дүкендер» санын 40-қа жеткізу көзделген. Бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында облыс көлемінде құрылған 20 жұмыс тобы қызмет атқарады. 2025 жылдыңішінде әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз өсіргені үшін сауда орындарына қатысты 75 әкімшілік шара қолданылған.

Бөлісу