ТҮРКІСТАН: Шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары күнделікті бақылауда

0
107

15 арнайы техника, 4 қайық жұмылдырылды.


ТҮРКІСТАН: Шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары күнделікті бақылауда

Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары күнделікті бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Отырар ауданында кезекті штаб отырысын өткізіп, шіркейга қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеді. Штаб отырысына Павлодар облысынан келген мамандар қатысып, жүргізіліп жатқан дәрілеу жұмыстары бойынша Павлодар облысының тәжірибесімен бөлісті.


Бүгінгі таңда Сырдария өзенінде биологиялық дәрілеу жұмыстарының 7 кезеңі өткізіліп, өзенге 76 490 кг «бактицид» препараты құйылды. Бұл жұмыстарға 15 арнайы техника, 4 қайық жұмылдырылды.


Қазір уақытта химиялық дәрілеу жұмыстары күшейтілуде. Жалпы 5 408,4 гектар аумақты залалсыздандыру жұмыстарына 30 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ Отырар ауданы, Балтакөл ауыл округінде дәрілеу жұмыстары үшін әуе көліктері пайдаланылуда.

Штаб отырысы барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары қолданылып жатқан дәрілердің тиімділігін зерделеп, ғылыми сүйемелдеумен айналысатын мекемеге басқа өңірден келген мамандардың қатысуымен дәрілердің тиімділігін қайта қарауды және нақты ұсыныс енгізу тапсырды.

Бөлісу